Жерасты ойындары: жертөледе компьютерлік клуб жұмыс істеп тұрған
Ойын мекемесін Алматы қаласы Әуезов ауданының полициясы бірқатар нысандар әкімшілігінің карантин нормаларын сақтауын бақылауға бағытталған рейдтер кезінде "Ақсай-1" ықшамауданында анықтаған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
- Көзге бірінші түскен нәрсе терезесі жоқ бөлме, ол желдетілмейді дегенді білдіреді. Ал, бұл уақытты компьютерлік ойындар ойнаумен өткізетін адамдар үшін қауіпсіз емес. Мекеме иесіне қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік материал жиналды, ол өз құзыретіне сәйкес кейіннен ДКБТУ-дың аудандық бөліміне берілді. Бұл дегеніміз, 230 АЕК көлемінде айыппұл, қазіргі уақытта 638 мың теңгеден асады, - деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов.
Естеріңізге сала кетейік, қала жағдайында Әкімдік, СЭС және полиция қызметкерлері арасында шектеулі шаралардың сақталуын қадағалайтын және бақылайтын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарын анықтайтын арнайы мобильді топтар бар.