«Жерлеу рәсімін өткіземін»: 84 жастағы зейнеткерді 550 мың теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды
84 жастағы зейнеткерді 550 мың теңгеге алдап кеткен жезқазғандық алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қыркүйекте Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 84 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Зейнеткер туысының қайтыс болғанын, жерлеуге қызмет көрсету үшін арнайы жерлеу қызметін іздестірген. Көп ұзамай өзін жерлеу рәсімін өткізу қызметінің бірінің қызметкерімін деп таныстырған бір әйел хабарласқан. Ер адам бейтаныс адамға сеніп, оған 550 мың теңге берген. Ақшаны алғаннан кейін әйел жоғалып кетіп, онымен хабарласуға болатын телефон нөмірі жалған болып шыққан.
Жедел-іздестіру шаралары барысында жедел-іздестіру тобының қызметкерлері күдікті Жезқазған қаласының 40 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.