Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісай полицейлері 8 ай бұрын ұрланған ұялы телефонды тапты

Жетісай полицейлері 8 ай бұрын ұрланған ұялы телефонды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық ПБ-ға ағымдағы жылдың ақпан айында жергілікті тұрғын арызданып келген. Әйелдің айтуынша, оның базарда орналасқан дүкенінің ішінен құны 120 000 теңге тұратын «Samsung Galaxy А31» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу қолды қылған. Аталған жайт ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.

Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Көруі-білуі мүмкін куәлардан жауап алынды. Полицейлер жан-жақты, арнайы іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде арадан 8 ай өткенде ұрланған телефонды Шымкент қаласынан тапты.

Телефонды ұстап жүрген тұрғыннан жауап алу барысында, оған танысы 35 000 теңгеге сатқаны белгілі болды. Осылайша, күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны – жас жігіт ұсталды.

Анықталғандай, күдікті Жетісайға тойға келіп, базарға кірген. Содан дүкендердің бірінде қараусыз тұрған ұялы телефонды жасырын алып кетіп, арадан біршама уақыт өткенде төмен бағаға сатып жіберген. Іс бойынша ұялы телефон заңды иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру