Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда әйел қонақ үй бөлмесінен тұрғынның сөмкесін үптеп кетті

Түркістанда әйел қонақ үй бөлмесінен тұрғынның сөмкесін үптеп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласы ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, демалып жатқан қонақ үйдің бөлмесінен белгісіз азамат қол сөмкесін ұрлап кеткенін көрсеткен. Осылайша, жәбірленуші азаматшаға 120 000 теңге шығын келтірген. Аталған дерек ҚР 188-бабы, яғни (Ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді.

Орын алған жайтқа байланысты тәртіп сақшылары көрген-білгендерден жауап алып, күдіктіні ұстауға бағытталған барлық шараларды жүргізді. Осындай атқарылған жұмыстардың нәтижесінде күдікті әйелді қала аумағындағы базарлардың бірінен тапты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, күдікті әйел жәбірленушінің жуынып жатқанын пайдаланып, бөлмесіне жасырын кірген. Содан соң оңай жолмен ақша табуды көздеп, жатын бөлмедегі қол сөмкесін жымқырып кеткен. Сөмке ішіндегі ақшаны алып, бірден базарға барып, өзіне керек-жарақтарын сатып алған. Ал сөмкені дәретханалардың біріне тастап кеткен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру