Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайда алаяқ ұсталды

Жетісайлық полицейлер алаяқтық жолмен тұрғындардан ақша алған күдікті азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында танысы «Нұр Отан» партиясында жұмыс істеймін деп өзін таныстырған. Содан Кәсіпкерлерді қолдау мектебінен «Бастау» бағдарламасы бойынша «сертификат алып беремін» деп 120 мың теңге алған.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК 190-бабы-1 бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, нәтижесінде алаяқтықтың ізіне түсіп, тұрғылықты мекенжайынан күдіктіні үш күн ішінде ұстады. Полиция қызметкерлері күдікті азаматты бөлімшге жеткізіп, тергеу амалдарын жүргізді.

Тергеу барысында күдікті жәбірленуші қыздың сеніміне кіріп, сертификаттауға көмек көрсету үшін алаяқтық жолмен алдап ақша алған, содан кейін өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Сонымен қатар тергеу үстінде онын басқа екі адамнан дәл осылай сертификат алып беремін деп, 60 мың және 102 мың теңге алғаны анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 282 мың теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас қылмысқа қатыстылығын анықтау үстінде. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға «102» нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру