Жетісайда мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
Жетісайда мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жетісай ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері кешкі уақытта жол ережелерін бұзып келе жатқан Opel Vectra автокөлігін байқап, тоқтатты. Оны тексеру кезінде полицейлер жүргізушінің мас күйіне күдіктеніп, медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысы бойынша жүргізушінің мас екені анықталды.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша тіркеді.
Осылайша полиция қызметкерлері аталған жайттарға байланысты іс құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау мақсатында сотқа жолдады. Сот жүргізушіні ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес кінәлі деп танып, көлік иесін 7 жылға автокөлік басқару құқығынан айырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға үкім етті.