Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда есірткіге мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды

Атырауда есірткіге мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында 23-25 қыркүйек күндері аралығында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Атырау қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметкерлері 23 қыркүйек күні сағат 21:45 шамасында Азаттық даңғылы бойында ВАЗ автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің іс-әрекеті күдік тудырған.

Автокөлік жүргізушісіне медициналық сараптамадан тексеру барысында есірткілік уытқұмарлық масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.

30 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру