Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі жас алаяқ петропавлдықтарды бір схема бойынша алдаған

Екі жас алаяқ петропавлдықтарды бір схема бойынша алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу анықтағандай, қаскөйлер бөлек әрекет еткен. Олар құрбандарын жастар арасынан іздеген. Тауарлық несиенің күшін жоя алатындықтарын айтып, аздаған ақшалай сыйақы үшін жәбірленушілерді құны 180 мың теңгеге жуық ұялы телефон сатып алуға көндіріпті. Олар алынған тауарларды жарты бағасына сатса, құрбандары біраз уақыттан кейін несие ұйымдарына әлі де қарыздары бар екенін білген. Нәтижесінде алаяқтардың бірі, Петропавл қаласының 19 жастағы тұрғыны 23 адамды алдап үлгерген. Екінші, 21 жастағы жігіттің ісінде – 13 эпизод бар. Полицияға алаяқтық туралы арыз түсе бастаған кезде, екі алаяқ ұсталды.

Қазіргі уақытта олар ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша жазасын өтеп жатыр. Біріншісіне 3,5 жыл, екіншісіне 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

– Адамдарға күмәнді ұсыныстарға сенуге болмайтындығын еске саламыз. Көптеген алаяқтар тез әрі оңай табыс табуға болады дегенді сылтау етіп, басқа адамдардың ақшасын тартып алуға тырысады. Интернетте кеңістігінде сақ болу керек. Жыл басынан 23 солтүстікқазақстандық “ақшаны еселеу” туралы хабарландыруларға сеніп, алданып қалды, — дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру