Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Созақта несие алып беремін деп тұрғынды алдаған әйел анықталды

Созақта несие алып беремін деп тұрғынды алдаған әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Созақ АПБ-ға жергілікті тұрғынның арызы келіп түскен. Онда жәбірленуші ер адам танысының қолма-қол несие шығарып беремін деген сөзіне сеніп, соңында алданып қалғанын жеткізді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Күдіктіні анықтау мақсатында созақтық қырағы полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, әрекетке көшті. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жұмыссыз әйел, жергілікі тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, сезікті әйел жәбірленушінің атынан  қолма-қол несие шығарып, жәбірленушіге атыңнан несие шықпады деген жалған ақпарат берген.

Содан арадан бір ай уақыт өткенде  жәбірленушіге банк тарапынан несиеңізді төлеңіз деген хабарлама келеді. Ал күдікті әйел алаяқтық жолмен тапқан ақшасын құмар ойындарға жұмсап жіберген. Сондай-ақ, сезіктінің бұдан басқа тағы бір тұрғынның атынан несие шығарғаны анықталды. Жәбірленушілерге келген шығын – 500 мың теңге. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру