Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде жоғалған 8 жастағы бала қоймада түнеген

Өскеменде жоғалған 8 жастағы бала қоймада түнеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қыркүйекте кешке “102” жедел арнасына жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түсті, ол өзінің 8 жастағы немересін іздеп жүргенін айтып, көмек сұрады. Әжесінің айтуынша, оның 2014 жылы туған немересі аулаға шығып, үйіне оралмаған. Кәмелетке толмағанның тұрған жерін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы дереу жиналды.

Тәртіп сақшылары қандай да бір ақпаратты меңгере алатын таныстар мен куәгерлерден сауалнама алып, іргелес жатқан аумақтарды: гүлзарларды, саябақтарды, жастар жиналатын орындарды, дәмханаларды, тұрғын үйлердің кіреберістерін мұқият аралап шықты.

Меновное кентінің аумағын тексеру бойынша жұмыстар жүргізілді. Іздеу жұмыстары жаяу жүру тәртібімен де, қызметтік автомашиналарды пайдалану арқылы да жүзеге асырылды. Саяжай алқаптарына іргелес жатқан көпқабатты үйлердің шатырлары мен жертөлелері тексерілді.

Жоғалған баланы іздеуге ПБ жеке құрамының 120-дан астам адамы қатысты. Сондай-ақ, іздеуге көршілер мен еріктілер қосылды.

– Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмаған баланы Өскемен қаласы ПБ қызметкерлері Арман Мамаев мен Тілек Айтмұхаш және Еркежан Жакупова тапты. Табылған бала аулада ойнауға шығып, кешке дейін ойнағанын айтты. Үйдің үлкендері ұрсады деп ойлап, үй жанындағы қоймада түнеуге шешім қабылдаған. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді. Үйіне аман-есен жеткізілді, – деді Өскемен қалалық Полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.

Табылған баланың әжесі құқық қорғау органдарына және барлық қамқоршыларға кәмелетке толмаған немересін іздеуге көмектескені үшін үлкен алғыс білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру