Жетісайда құжатсыз мал тасымалдаған жеті жүргізуші жауапқа тартылды
Жетісайда құжатсыз мал тасымалдаған жеті жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жетісай аудандық полиция бөлімінің кызметкерлері мал ұрлығының алдын алу мақсатында мал және ет өнімдерін тасымалдаушы көліктерді қатаң бақылауға алған. Яғни, ауданның маңызы бар жолдарында төрт түліктің құжаттары жіті тексерілуде. Мал базарға рейдтiк тексерiс жұмыстары жүргізілуде.
Осындай тексеру шаралары нәтижесінде мал базарға сатуға әкелген ірі-қара және ұсақ малдарының құжаттары жоқ, сырғаланбаған деректер анықталды.
Бұл бойынша мал иелерiне түсiндiру жұмыстары жүргiзiлiп, ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша жеті әкiмшiлiк хаттама толтырылды. Іс-құжаттар жинақталып, заңды шара қолдану үшін аумақтық ветеринария инспекциясына жолданды. Жалпы, шара барысында 20 автокөлік тексерілді.