Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайлық ер адам қарызын қайтармаған танысын үйіне шақырып, ұрып-соққан

Жетісайлық ер адам қарызын қайтармаған танысын үйіне шақырып, ұрып-соққан, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жетісай аудандық полиция бөліміне Мақтаарал ауданының тұрғыны арызданды. Ер адамның айтуынша, оны танысы үйіне шақырған. Араларында болған түсініспеушілік соңы дау жанжалға ұласып, салдарынан өзін ұрып соққанын жазып көрсетті.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына бірден жетті. Полицейлердің атқарған жедел әрекеттерінің нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті Жетісай қаласының тұрғыны болып шықты.

Анықталғандай, күдікті мен жәбірленуші жақсы таныстар. Олардың араларында бірнеше жылдан бері ақшаға қатысты түсініспеушілік орын алып жүрген. Оқиға болған күні күдікті ер адам «қарызыңды қашан қайтарасың» деп жәбірленушіні үйінде түнгі 22:00 шамасына дейін ұстап, ұрып соққыға жыққан.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша тіркеді. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру