Жетісайлық полицейлер саптық тексеріс өткізді
Жетісайлық полицейлер саптық тексеріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығының талабына сәйкес, Жетісай ауданы полиция бөлімінің саптық алаңында жеке құрамды толық жинап, саптық тексеру өткізілді.
Саптық тексеруде полиция қызметкерлерінің сыртқы келбеті жинақы, таза әрі ұқыпты және нысандық киім кию үлгісінің талапқа сай болуына басты назар аударылды.
Сонымен қатар, қызметтік куәліктерінің түгелдігі, жарамдылық мерзімі, лауазымы мен арнайы атағының сай келуі және бейнежетондары мен планшеттердің жұмыс істеп тұруы тексерілді. Анықталған елеусіз кемшіліктерді жою бойынша тиісті басшыларға тапсырмалар берілді.
Бұдан бөлек, саптық тексеруден кейін Жетісай АПБ-нің жеке құрам қызметкерлері әдеттегідей әр аптаның жұма, сенбі күндері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатынд Жетісай ауданындағы жол апаты орын алуы ықтимал жолдарға, көлік қозғалысы көп Жетісай қаласына және Асықата кентіне рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін бөлініп, тиісті бағыттарда жұмыстар атқаруда.