Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысы ПД бастығы мереке қарсаңында кадеттермен және мектеп оқушыларымен кездесті

Жетісу облысы ПД бастығы мереке қарсаңында кадеттермен және мектеп оқушыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының полиция басшысы Арман Саданов кадеттермен және Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-гимназия оқушыларымен кездесу өткізді. Оқушылармен ашық диалогта жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселесі көтерілді.  

Арман Саданов оқытушылар мен оқушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, оқу орнына естелік сыйлық сыйлады. Балаларға жолда қауіпсіз жүру дағдылары, қоғамдық орындарда жүру ережелері туралы түсіндірілді. Облыстық полиция басшысы жасөспірімдердің назарын интернет желісіндегі қауіпсіздік мәселесіне аударды. 

– Бұл кездейсоқ таңдалмаған мақсатты аудитория. Біз бәріміз ата-анамыз және баланың жасөспірім кезінде сырттан жағымсыз әсерлер мен қауіпті факторларға ұшырайтынын өзіміз білеміз. Сонымен қатар қазір балалар көбінесе рухани және спорттық дамуының орнына компьютерлік ойындарға бірнеше сағат жұмсауды жөн көреді. Бұл мәселе әлеуметтік өзекті болып табылады. Көбінесе, ата-аналары жұмыс басты болуларына байланысты жасөспірімдер өз-өздеріне берілген, өз мәселелерімен және кейде сәтсіздіктерімен де өз беттерінше қалады. Бұл өз кезегінде теріс әсер етуі мүмкін. Бұл сәтті жіберіп алмау өте маңызды, – деп атап өтті А.Саданов. 

Жалпы білім беретін мектепте кадет сыныбы бар, онда оқу орнының ең үздік оқушылары оқытылады. Олардың көпшілігі болашақта құқық қорғау органдарының оқу орындарында оқуды жалғастыруға және құқық қорғау органдарының қатарын толықтыруға ниетті.  

Кездесу соңында полицейлер болашақта оқушылардың өз елінің лайықты азаматтары мен патриоттары болатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру