Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері балалар үйіне жаңажылдық сыйлықтар табыстады

Абай облысы ҚАЖД-ның №20 мекеме қызметкерлері балалар үйіне жаңажылдық сыйлықтар табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл қарсаңында Абай облысы №20 мекемесінің қызметкерлері қайырымдылық акциясын өткізді. Соның шеңберінде өз қаражаттарына жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 40 балаға сыйлықтар сатып алынып, сотталғандардың қолымен жасалған ойыншықтарды сыйға тартты.

Мекеме қызметкерлері Аяз Ата мен Ақшақар киімдерін киіп, Абай облысы білім басқармасының “Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен бірлесе, балаларға Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Балалардың ерекше қойылымдарын көріп қайтқан қызметкерлер ерекше сезімге бөленді.

Осылайша, Жаңа жыл қарсаңында №20 мекеме ұжымының әрбір қызметкері өз қаражаты есебінен әлеуметтік қолдауға мұқтаж кішкентай қазақстандықтар үшін мерекелік көңіл-күй сыйлауға өз үлестерін қосты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру