Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында бір тоннадан астам заңсыз ауланған балығы бар ГАЗель анықталды

Жетісу облысында бір тоннадан астам заңсыз ауланған балығы бар ГАЗель анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Тасымалдау әрекеті дерегі 2 қараша күні Алакөл ауданында тіркелді, онда заңсыз жүгі бар ГАЗельді патрульдік полиция қызметкерлері «Охотзоопром» инспекторларымен бірігіп ұстады.

Жүргізуші Шымкент қаласының 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам балық аулауға және тасымалдауға рұқсат құжаттарын ұсына алмады.

– Автокөлік жүксалғышынан 1268 келі балықтың екі түрі табылды. Мемлекетке 5 миллион теңгеге жуық шығын келтірілді. Қазіргі кезде заңсыз жүк тәркіленіп, қабылдау пунктіне тапсырылды, – деді Жетісу облысы ПД Табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

Дерек бойынша жиналған материал «Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына» жіберіліді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру