Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында демалыс күндері 92 мопед пен скутер айыптұраққа қойылды

Жетісу облысында демалыс күндері 92 мопед пен скутер айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының жолдарында скутер, мопед, электрлі самокаттар жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Олардың қатысуымен болатын жол апаттарының алдын алу үшін облыстың полицейлері барлық жолдарда және елді-мекендерді аралайтын арнайы мобильді топтар құрды.

 – Демалыс күндері патрульдік топтар скутерлер мен мопед жүргізушілері жіберген 222 заң бұзушылықтар анықтады. 92 көлік арнайы тұраққа орналастырылды. Біздің күш-жігеріміз, ең алдымен, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол апаттарын болдырмауға бағытталғанын атап өткім келеді. Скутер мен мопед тізгіндеген 21 кәмелетке толмағандардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Жетісу облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов.

Осы жылы Жетісу облысының автожолдарында самокат, скутер және мопедтердің қатысуымен 19 жол-көлік оқиғалары тіркелді. Жол апатында 2 адам қаза тауып, 20 адам түрлі жарақат алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру