Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында ер адам ауылдасынан жылқы ұрлаған

Жетісу облысында ер адам ауылдасынан жылқы ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған факті Кербұлақ ауданында тіркелді, онда бір күн бұрын Қоғалы ауылының тұрғыны полицейлерге 700 мың теңгеге бағалаған жылқының ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді.

Тәртіп сақшылары жылқыны тауып, оның жоғалуына қатысы бар 41 жастағы жәбірленушінің ауылдасын ұстады. Ер адам бұған дейін құқық бұзушылық жасамаған.

– Күдікті жоғалған жылқыны іздеуге белсенді қатысып, көмектескісі келетін кейіп танытқан. Дәл сол уақытта жылқы күдіктінің қорасында болған. Қазір мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған тұлға ҰУИ-на қамауға алынды, – дейді Кербұлақ ауданының полиция бөлімі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру