Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында ерлікпен қаза тапқан қызметкердің құрметіне еске алу бұрышы ашылды

Жетісу облысында ерлікпен қаза тапқан қызметкердің құрметіне еске алу бұрышы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарқан АПБ кезекші бөлімінің жедел кезекшісінің көмекшісі Ермұқаш Қасенов қызметтік борышын атқару барысында, 2009 жылғы 30 мамырда бұрын сотталып, бірқатар қылмыс жасады деп айыпталғандарды іздестіру кезінде қарулы қылмыскерлердің оғынан мерт болған.

ҚР Президентінің 2009 жылғы 20 маусымдағы жарлығымен Е.С. Қасенов қаза тапқаннан кейін «Айбын» орденімен марапатталған.

Ашылу салтанатына ардагерлер, батырдың сыныптастары, әріптестері мен жұбайы – Самал Оразбаева қатысты, ол күйеуі туралы естеліктерді мәңгі сақтағаны үшін оқу орындары мен полиция департаментіне алғысын білдіріп, жұбайының Отанға деген сүйіспеншілігі, қызмет борышымен қажеттілік туындағанда бірден көмекке баратаны туралы естеліктерімен бөлісті.

– Полиция қызметкері өзін емес, өзгені бірінші орынға қою керек. Себебі адамдардың қауіпсіздігі, қоғамдық тыныштық пен тәртіп басымдырақ болу қажет. Бұндай азаматтар қатарымызда бар және бізге риясыз көмектерін аямауда. Көп адам қауіпті жағдайдан адамдарды қалай құтқарғаны туралы айтпайды. Қарапайым халық бұл туралы жаңалықтар мен әлеуметтік желілерден біледі, – деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Мадияр Омаров.

Бұдан былай мектеп оқушылары «патриотизм бұрышына» барып, Е.С. Қасеновтың өмір жолындағы патриотизм мен адалдықты үйренеді.

– Шынында да, біздің елімізге сіздер сияқты белсенді, білімді, ашық және ақылды жастар қажет. Еліміздің болашағы –жастардың қолында, – деп қосты М. Омаров.

Кездесуді қорытындылай келе, полиция қызметкерлері балаларға батылдық пен патриотизмнің не екенін және олардың қазіргі әлемде қалай көрінетінін талқылауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру