Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында есірткі жарнамасын жоюға арналған іс-шара жалғасып жатыр

Жетісу облысында есірткі жарнамасын жоюға арналған іс-шара жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы есірткінің заңсыз жарнамасын жоюға бағытталған рейд өткізді. Іс-шара барысында қауіпті заттардың таралуын болдырмау үшін және өңір халқына зиянды әсерін азайту мақсатында оларды насихаттайтын көптеген хабарландырулар сырланды.

Полиция Жетісу тұрғындары мен қонақтарына есірткі заттарын тарату мен жарнамалау қатаң жауапкершілік көзделген ауыр қылмыс екенін еске салады. Құқық қорғау органдары азаматтарды қырағы болуға және осындай жарнама табылған жағдайлар туралы хабарлауға шақыра отырып, осындай бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.

Мұндай акциялар азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады. Жетісу полициясы аймақты қауіпсіз етіп  өмір сүру үшін  әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайта отырып, есірткіге қарсы жұмысын жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру