Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полиция ардагерлері шығармашылық байқауда жүлдері орынға ие болды

Панфилов ауданында полиция ардагерлері шығармашылық байқауда жүлделі орынға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жаркент қаласы Панфилов ауданында 14 елді мекенінің тұрғындары арасында «Өнерім – өмірім» атты шығармашылық байқау өтті. Ауданның әкімшілік орталығы, Жаркент қаласының атынан өкілдік ету абыройы жергілікті полиция ардагерлеріне бұйырды.

Шығармашылық байқау әндермен, билермен, ұлы классиктердің өлеңдерін айтумен сүйемелденді. Байқауға қатысушыларға қандай да бір жас шектеулері қойылған жоқ. Нәтижесінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы полиция подполковнигі Еркін Мошанов бастаған ардагер-полицейлер тобы жүлделі үшінші орынға ие болды.

– Біздің команда мүшелерінің арасында полицияның жасы ұлғайған ардагерлері де болды. Мәселен, олар – 79 жастағы Аманжол Таубылды мен 76 жастағы Серік Жұмаділов. Біздің аталарымыз қарт жастарына қарамастан, ән айтып, би биледі. 60 жастан асқан аталарымыз атақты теңіз «Алма» әнін орындады. Қаламыздың намысын қорғадық, басқа да бөлімшелердің ардагерлері көмектесті, – дейді жас жылдарын жедел қызметке арнаған Панфилов ауданы бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары, қызметінен зейнетке шыққан Еркін Мошанов.

Жарыста үшінші орынды иеленген командаға грамоталар мен 50 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Бірақ ардагерлер көрермендердің қошеметтерін бас жүлде деп таныды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру