Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері пәтер ұрыларын қолға түсірді

Алматы облысының полицейлері пәтер ұрыларын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы ПД бастығының нұсқауы бойынша жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында Қарасай ауданы ПБ КПБ қызметкерлері ПД КПБ-мен бірлесіп пәтер ұрыларын ұстады. Олардың 10 қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Шығын көлемі – 2 млн теңгеге жуық.

– Қазіргі уақытта ұсталғандар өз қылмыстарын мойындап отыр. Полиция қызметкерлері олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Ұсталғандар бұрын бірнеше рет жауапқа тартылып, сотты болғанын айта кеткен жөн, – деді Алматы облысы ПД КПБ бастығы Асхат Данияр.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс Қарасай ауданының ПБ тіркелді. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру