Жетісу облысында полиция бірқатар алаяқтыққа қатысы бар әйелді анықтады
Жетісу облысында полиция бірқатар алаяқтыққа қатысы бар әйелді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Текелі полицейлері бірқатар алаяқтық жасағаны үшін күдікке ілінген жергілікті тұрғынды ұстады.
– Әйел өзін банк қызметкері ретінде таныстырды. Азаматтардың сеніміне кіре отырып, ол ауылшаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие және өтеусіз мемлекеттік субсидия алуға өз көмегін ұсынған.
Қазіргі уақытта, алаяқтың 13 құрбаны анықталды, жалпы шығын 5 миллионға жуық теңгені құрады, – деп атап өтті Текелі ҚПБ бастығының орынбасары Ернар Таңатаров.
Текелі қаласындағы бірқатар алаяқтық туралы іс сотқа жолданды. Күдікті қамауға алынды.