Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорған полицейі өз қызметінің қыр-сырымен бөлісті

Талдықорған полицейі өз қызметінің қыр-сырымен бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әдетте криминалистің жұмысы туралы айтыла бермейді: көбіне оларды медициналық сарапшылармен шатастырып, не болмаса киноның арқасында әсіреленеді. Қарапайым азаматтар үшін қылмыстар көп жағдайда жұмбақ болып қала береді, бірақ криминалистер үшін шешімін табу қажет пазлға айналады. Криминалист мамандығы – ғылым, технология және нәзік сезім ең күрделі қылмыстарды ашуда үйлесетін қызықты әлем.

Бүгінгі біздің басты кейіпкер – Талдықорған қаласы полициясының криминалисі Ержан Беков, осы мамандықта бес жылдан аса жұмыс атқаруда.

– Ержан криминалистика саласындағы маман үшін барлық кәсіби қасиеттерге және жеткілікті жұмыс тәжірибесіне ие. Жедел-тергеу тобының құрамына кезекшілікке түсіп, онымен көптеген ауыр қылмыстар ашылған. Ержан көпшіліктің назарынан тыс қалатын нәрселерді байқаудың ерекше қасиетіне ие, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД ЖКБ бастығының орынбасары Марат Кембабанов.

Тіпті ең кішкентай бөлшектерді іздеуге дағдыланған ол әділдіктің қолында өткір құралға айналады. Ержан үшін әрбір жағдай мұқият зерттеу жұмыстары мен терең талдауды қажет ететін ой-жұмбақ іспеттес. 

– Менің мамандығымда, әрбір дәлел, нормадан әрбір микроскопиялық ауытқу – бұл қылмыстың бүкіл көрінісін түсінуге әкелетін жұмбақтың бір бөлігі. Кейде қылмысты ашу үшін сіз дәлелдерге қарап қана қоймай, ахуалды сезініп, адамдарды қылмысқа не итермелейтінін түсінуіңіз қажет. Біз бүгінгі таңда, жыл сайын технологияның дамуымен бұрын назардан тыс қалып қойған егжей-тегжейлерді көбірек көре аламыз. Бұл жұмбақ пен қауіптер толы кітаптің жаңа парағын ашқанмен тең, – деді Е.Беков.

Өткен жылдың өзінде криминалистердің қатысуымен 77 қылмыс ашылып, 18 мәйіттің жеке басы анықталды.

Ержан тек үздік қызметкер ғана емес, сонымен қатар екі баланы тәрбиелеп отырған үлгілі отағасы. 

– Отбасы – мен күш пен қуат алатын жер. Ата-анам мен жұбайымның қолдауының арқасында мен кәсіби жетістіктерге жеттім. Барлық әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтап, қызметте табыс, ең бастысы – отбасыларына денсаулық пен амандық тілеймін, – деп толықтырды Ержан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру