Жетісу облысында тауар үшін жалған чектермен төлем жасаған тұрғын анықталды
Жетісу облысының полициясы Панфилов ауданында азық-түлік дүкенінің сатушысын жалған чектермен алдаған жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Панфилов ауданының азық-түлік дүкендерінде алаяқ сатып алынған тауарлар үшін жалған чектермен төлем жасаған.
Полиция Үлкен Шыған ауылындағы азық-түлік дүкенінің сатушысын жалған чектермен алдаған жергілікті тұрғынды ұстады.
– Азық-түлік дүкенінде болған кезде қыз сатушыға төлем туралы жасанды чегін ұсынған. Ол дүкен иесін қатарынан бірнеше рет алдап үлгерген. Алдау фактісін жасыру үшін, ол сатып алған кезде бір бөлігін қолма-қол ақшамен, бір бөлігін аударыммен төлеген. Жалпы келтірілген шығын 60 мың теңгені құрады, – дейді Панфилов АПБ бастығының орынбасары Ернар Қалтаев.
Алаяқ кассадан алыстамай арнайы боттарды қолдана отырып чектерді қолдан жасағаны анықталды.
Панфилов аудандық соты қызды кінәлі деп танып, оған үш жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады. Жәбірленушіге келтірілген залал толық көлемде өтелді.
– Бүгінгі таңда қызметтер мен сатып алулардың үлкен бөлігі осындай жүйелер арқылы төленетін болғандықтан, аударым туралы жіберілген суреттерге жәй ғана сену өте қауіпті. Оларды оңай қолдан жасауға болатыны белгілі болды. Сондықтан мұндай аударымдармен алдаудың алдын алудың ең жақсы тәсілі – телефоннан және оның қосымшасынан қаражаттың бар-жоғын мұқият тексеру, – деп түйіндеді Е. Қалтаев.
Өңір полициясы азаматтардан мұқият болуды және төлем кезінде онлайн-банкингте қаражаттың түсуін тексеруді сұрайды.