Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицияның біріктірілген жасақтарының біртұтас сап түзеуі өтті

Алматыда полицияның біріктірілген жасақтарының біртұтас сап түзеуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шараның мақсаты – жеке құрамның тәулік бойы құқық тәртібін қорғау, қылмыспен күрес және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі тапсырмаларды орындауға дайындығын тексеру.

– Жергілікті жердегі полиция жұмысының сапасын арттыруға және ішкі істер органдарының қызметі аясындағы мақсаттарға тиімдірек қол жеткізуге көмектесетін қызметтің сервистік моделіне көшу бойынша Ішкі істер министрлігінің басым тұжырымдамаларының бірін іске асыруға ерекше назар аударылды. Қаладағы тәртіп пен азаматтардың амандығы полицияның қалай жұмыс істейтініне байланысты. Тәртіп сақшыларының қоғаммен тығыз байланыста болуы өте маңызды. Ал материалдық-техникалық база мен мемлекеттік әлеуметтік қолдау олардың оқиғалардан қалыс қалмай, қылмысқа қарсы тұруына мүмкіндік береді, – деді, Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.

Шара барысында қызметкерлердің киім-кешектері, көліктердің жағдайы, сондай-ақ қаладағы құқық қорғау қызметінің сапасына әсер ететін техникалық құрал-жабдықтары тексерілді.

Сонымен қатар қаладағы қоғамдық тәртіпті қорғауды күнделікті өз қолдарына алатын патрульдік полиция полкі, мамандандырылған батальон, ЖҚАж қызметкерлері командирлердің бағыт-бағдары мен нұсқауларын тыңдады.

– Қызметте ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермеледім. Олар қызметін жаңадан бастаған жас тәртіп сақшыларына тәлімгер болып, өздерінің бай кәсіби тәжірибесін үйретіп жатыр. Сонымен қатар жеке құрамға сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қатысты ымырасыз ұстанымын еске салу өте маңызды болды. Біз олардан азаматтардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты үшін адал және риясыз еңбек етуді талап етеміз, – деді Арыстанғани Заппаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру