Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында ұрланған бір тонна арпа тұқымы ауыл тұрғынына қайтарылды

Жетісу облысында ұрланған бір тонна арпа тұқымы ауыл тұрғынына қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған дерек Кербұлақ ауданында тіркелді. 5 наурызда Жайнақ батыр ауылының 70 жастағы тұрғынынан белгісіз адамдар көктемгі кезеңде көшет егу үшін дайындалған бір тонна арпа тұқымын ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен үш ауыл тұрғынын анықтап, ұстай алды. Олар 90 мың теңгеге сатып үлгерген. Ұрланған арпаның бір бөлігі табылып, заңды иесіне қайтарылды. 

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық)  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру