Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қайғылы оқиға Кербұлақ ауданындағы Алматы – Өскемен автожолының 132 шақырымында болды. 62 жастағы Daewoo Damas көлік жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, бір бағытта келе жатқан W06159-220 жүк көтергіш техникасымен соқтығысты. Daewoo Damas жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды. Өңір полициясы ҚР-ның жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзбауға, жолдардағы көлік құралдары арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтап, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауға шақырады.