Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда автожөндеу орнынан клиенттің көлігін заңсыз иемденген жұмысшы анықталды

Теміртауда автожөндеу орнынан клиенттің көлігін заңсыз иемденген жұмысшы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 52 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Белгілі болғандай, жәбірленуші өзінің автокөлігін қаладағы көлік жөндеу орындарының біріне жөндеуге қалдырған. Арада бірнеше күн өткенде көлігінің жөнделген-жөнделмегенін білуге барғанда, көлік жөндеу орынында болмай шыққан. Жәбірленуші өзіне келтірілген шығынды 5 миллион теңгеге бағалады.

Оқиға орынына тексеріс жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары оқиғаға сол жерде жұмыс жасайтындардың бірі деп топшылады.

Қылмысты ашу бойынша жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен сол жерде жұмыс жасайтын 27 жастағы азамат ұсталды. Ол көлікті тек мініп келгісі келгендігі туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат ретінде көлік тәркіленді, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру