Жетісу облысында жүк көлігі аударылып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты
Жетісу облысы Алматы – Өскемен тас жолында жүк көлігі аударылып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол апаты республикалық трассаның 400-шақырымында MAN F2000 автокөлігінің қатысуымен болды. Жүк көлігін 23 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны басқарған, алдын ала болжам бойынша, ол ауыр жүк көлігін басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Жүк көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
Қазір бұл факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР ҚК-нің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.