Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тәртіп сақшылары бұқаралық сайыста бақ сынады

Шымкент қаласында биыл алтыншы рет “Shymkent Marathon – 2023” спорттық іс-шарасы өтті. Бұқаралық жүгіру сайысына 5 мыңнан астам адам қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл іс-шараға кәсіби спортшылар ғана емес, салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындар, спорт жанкүйерлері, әртүрлі саланың қызметкерлері мен тәртіп сақшылары қатысты.

Мәселен, Шымкент қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Луиза Газиева 5 шақырым жолды 34 минутта жүгіріп өтсе, патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Асель Тогайбаева дәл сол қашықтықты 30 минутта еңсерген. Бұған қоса, ЖПҚБ-ның іздестіру тобының аға инспекторы Ерік Байзақұлы 10 километрді 49 минутта бағындырған.

Сондай-ақ жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия және еліміздің басқа өңірлерінен келген азаматтар қатысты.

Айта кету керек, бұқаралық сайыс кезінде қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 170-тен астам полицей мен 23 қызметтік автокөлік жұмылдырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру