Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда танысының өліміне күдікті азамат “ізін суытпай” қолға түсті

Жезқазған полицейлері танысының өліміне қатысы бар күдікті азаматты “ізін суытпай” қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жезқазған қалалық ПБ-ға үйлердің бірінің ауласында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы бірнеше пышақ жарақатын алған 35 жастағы ер адамды тапты. Жәбірленуші есін жимастан медициналық мекемеде қайтыс болды.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полицейлер күдікті 29 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Ұсталған азамат бұрын таныс болған жәбірленушімен кафеде сөзге келіп, жанжалдасқанын мойындады. Жанжал көшеде жалғасып, күдікті қарсыласына бірнеше рет пышақ салып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Қылмыс құралы тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру