Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында сотталғандар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты мекемеде сотталғандар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қыркүйекте сотталғандардың туыстарымен әлеуметтік-пайдалы байланысты қолдау, моральдық-психологиялық ахуалды нығайту мақсатында Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты № 36 мекемесінде “Ашық есік күні” іс-шарасы ұйымдастырылды.

Бұл күнді сотталғандар асыға күтті. Іс-шараға келген сотталғандардың туыстарын мекеме бастығы Еркебұлан Каргалтаев қарсы алып, мекемеде ұстау шарттары, сотталғандарды жұмысқа орналастыру және еңбекақы төлеу тәртібі, сондай-ақ ізгілік актілерді қолдану туралы айтып берді. Әрі қарай қонақтар жазаны өтеу шарттарымен танысып, жатын бөлмелерді, тәрбие жұмысын жүргізу бөлмесін, мекеменің асханасын қарап, жақындарымен бір дастарханда шай ішуге мүмкіндік алды.

– Отбасымен ажырасу және жалпы пайдалы байланыстардың жоғалуы түзету процесін қиындатады. Біздің жүйенің қызметі жазаны орындау болып саналады және ең маңызды аспектілердің бірі – сотталғанға түзету жолында моральдық психологиялық көмек көрсету, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Арман Кошкинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру