Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында жүргізушінің шаршау себебінен болатын оқиғалардың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Жетісу облысының жолдарында жүргізушінің шаршау себебінен болатын жол-көлік оғиларының алдын алу бойыншс іс-шара өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Жетісу облысының аумағында 200-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апаттарында 60-тан астам адам қаза тауып, 300-ге жуық адам түрлі жарақат алды. Жол көлік оқиғасының негізгі себептерінің бірі – жүргізушілердің жылдамдықты асыруы. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, апаттың тағы бір себебі – жүргізушіде зейіннің жоғалуы, шаршауы және көлік құралының рөлінде ұйықтап қетуі.
Облыста 1 шілдеден бастап апаттылық деңгейін және зардаптардың ауырлығын төмендетуге бағытталған “Рөлде ұйықтау” науқаны басталды. Патрульдік нарядтар медицина қызметкерлерімен бірлесіп республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда жүргізушілерді шамадан тыс шаршау дәрежесін тексеруде. Профилактикалық жұмыстар 31 шілдеге дейін жалғасады, осыған байланысты патрульдік полиция қызметкерлерінің іс- әрекеттеріне түсіністікпен қарауды сұраймыз. 

 – Жолда ұзақ уақыт бойы көлік тізгіндеген жүргізушіде, ең алдымен, реакциясы нашарлайды, жылдамдық сезімі жоғалады, көздің өткірлігі бұзылады. Яғни, жұмыстан шаршаған немесе ұйқы қанбаған күйде оның зейіні төмендейді, – деп санайды патрульдік полиция қызметкерлері.

 Автожолдардың апатты-қауіпті учаскелерінде Крис-П фоторадар кешендері орнатылғандығы туралы жүргізушілердің назарына жеткіземіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру