Жетісу облысының ПД бастығы Талдықорғандағы учаскелік пунктерді аралады
Жетісу облысының ПД бастығы Талдықорғандағы учаскелік пунктерді аралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстық полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсаинов Талдықорған қаласының учаскелік полиция инспекторларының жұмысын тексеріп, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Облыс орталығында 8 тірек пункті жұмыс істеуде, онда 76 учаскелік полиция инспекторлары қызмет атқарады. Оның ішінде тұрғын үймен біріктірілген екі учаскелік полиция пункті бар.
– Ішкі істер органдары қызметкерлерінің міндеті – қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алу, ашықтық, айқындық және қадамдық қолжетімділік форматында жұмыс істеу. Полиция жұмысының «сервистік» моделі аясында учаскелік инспекторлардың жұмысына басты назар аударылады, – деп атап өтті департамент бастығы.
Аралау барысында облыстық департамент бастығы тірек пункттерінің материалдық-техникалық жабдықталуын, учаскелік полиция инспекторларының қызмет атқару тәртібін зерттеп қана қоймай, олардың дене шынықтыру деңгейін де тексерді.
– Полицейлер, әсіресе учаскелік инспектордың әрқашан дене бітімі мықты болуы тиіс, өйткені бұл олардың күтпеген жағдайларға және қызмет кезінде ықтимал тәуекелдерге жедел ден қою көрсеткіштерінің бірі, – деді С.Құсаинов.
Департамент бастығы учаскелік инспекторларға қажет болған жағдайда, яғни кез-келген уақытта оған жүгіне алатындарын айтып өтті. Бір сөзбен айтқанда, қылмысқа қарсы іс-қимылға кедергі келтіретін бірде-бір мәселе шешілмеген күйінде қалмау қажет.
Бұдан басқа, Сарқытбай Құсаинов полиция пункттеріне келген азаматтармен әңгімелесті. Олармен сөйлесіп әрқайсысынан өз учаскесіне қызмет көрсететін инспектордың жұмысын бағалауды сұрады. Сауалнама нәтижелері аса қанағаттанарлық болды.
– Қоғамдық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықты алдын алу – біздің басты міндетіміз. Ішкі істер органдарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықпен тұрақты өзара іс-қимылды жолға қою бойынша жұмыстарымызды жүргізу үшін қажетті техниканың соңғы жетістіктерімен цифрландыру және жарақтандыру толық қарқынмен жалғасуда, – деп түйіндеді облыстық полиция департаментінің бастығы.