Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азамат елден шығарылды

Талдықорғанда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азамат елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған полицейлері халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін төрт шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартып, олардың бірін Қазақстан Республикасының аумағынан шығарды. Полиция қызметкерлері рейд жүргізу барысында құрылыс жұмыстарын жасап жүрген көрші республиканың төрт азаматын анықтады, олар жергілікті атқарушы орган беруге тиіс өзін-өзі жұмыспен қамтуға арналған біліктілік сәйкестігі туралы анықтамасыз жұмыс істеген.

– Шетелдіктер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін материалдар Талдықорған қаласының ауданаралық сотында қаралды, шешімі бойынша екеуіне айыппұл, біреуіне ескерту жасалып, ал бір шетелдік азамат Қазақстан Республикасынан мүлдем шығарылды. Шетелдіктердің ҚР-да болуының заңдылығын қамтамасыз етпеген жұмыс берушіге де шаралар қабылданды. – деді ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ерлан Раймбеков.

Тек 2023 жылы ғана өңірдегі көші-қон заңнамасы желісі бойынша 5380 адам жауапқа тартылды. Құқық бұзған шетелдіктердің саны – 1749, қазақстандық азаматтардың саны – 3631.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру