Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының полицейлері мүмкіндігі шектеулі әйелге құжаттарын рәсімдеуге көмектесті

Жетісу облысының полицейлері мүмкіндігі шектеулі әйелге құжаттарын рәсімдеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпан айының басында Алакөл аудандық полициясының көші-қон қызметіне Бескөл станциясының 49 жастағы тұрғыны туралы ақпарат келіп түсті. Ол құжаттары болмағандықтан мүгедектікті рәсімдей алмай және тиісінше міндетті мемлекеттік жәрдемақыны ала алмай жүрген.

Белгілі болғандай, әйел бала кезінен мүгедектікке шалдыққан және шынымен де жүріп-тұруға, өзіне қызмет етуге мүмкіндігі жоқ. Әйел үлкен әпкесінің отбасында тұрады және оның қарауында. Көші-қон қызметінің қызметкерлері тиісті органдарға сұраулар жолдап, қажетті анықтамаларды жинады. Жақында Фарида Мұхаметқалиеваның атына жеке куәлік дайындалып, тұрғылықты жері бойынша иесіне табысталды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері бұл отбасына көмек көрсетуді жалғастыруда және бірінші топтағы мүгедек әйелге қажетті құжаттарды жинауға көмектесуде. Тиісті құжаттар арқылы ол мүгедектікке байланысты жәрдемақы ала бастайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру