Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының полицейлері 70-тен астам тұрғынның құжатын рәсімдеуге көмектесті

Ақмола облысының полицейлері 70-тен астам тұрғынның құжатын рәсімдеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері құжаттары жоқ азаматтарға олардың құқықтық мәртебесін анықтау және құжаттандыру үшін көмек көрсету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, сондай-ақ қарттар мен жүріп-тұруы қиын азаматтарға үйде құжаттарды жаңарту бойынша қызметтер көрсетеді.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өңір аумағында жасы немесе денсаулық жағдайы бойынша осы қызметті алу үшін өз бетінше келе алмайтын 74 ақмолалық құжатталған.

Атап айтқанда, 25 қаңтарда Көкшетау қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 56 жастағы денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматты құжаттандыру үшін әлеуметтік мекемелерге барды. Ер адамның жоғалған жеке куәлігін қалпына келтіру үшін өз бетінше жүгінуге мүмкіндігі болмады.

Барлық мемлекеттік қызметтерді үйде алушылар – бұл қарт жастағы ақмолалықтар және ХҚКО-ға өз бетінше келе алмайтын, денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру