Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының полицейлері студенттермен ашық диалог ұйымдастырды

Жетісу облысы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері студенттермен ашық диалог ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жоғары оқу орындардың оқушыларымен кездесулер ұйымдастырды. Ашық диалог форматтағы әңгіме Жетісу университетінің 1-3 курс студенттерімен өтті.

– Жастарға нақты мысалдар келтіре отырып, қылмыстық заңнаманың нормалары туралы жеткізілді. Ашық диалогқа 140 студент қатысып, оларға буллинг, кибербуллинг, бопсалау және жеке тұлғаға қарсы басқа да қылмыстар сияқты өзекті тақырыптарға баса назар аудара отырып, бейнероликтер көрсетілді, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері студенттерді құмар ойындарға қатыспауға, ал бос уақыттарын жақындарымен өткізуге және өзін-өзі дамытуға арнауға шақырды. Қорытындылай келе, лудомания ұзаққа созылған депрессиямен, ауыр қылмыстар жасаумен, тіпті суицидпен аяқталатыны туралы айта кетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру