Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының тұрғыны мал ұрыларын ұстаған полицейлерге алғыс айтты

Жетісу облысының тұрғыны мал ұрыларын ұстаған полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ескелді АПБ М.Байысов ауылының тұрғыны өзіне тиесілі құны 600 мың теңге тұратын бір жылқысын ұрлап кеткендігі туралы арызданды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері тәулік ішінде Жетісу облысы Ескелді ауданының 18 және 24 жастағы тұрғындарын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. 

– Күдіктілерден жәбірленушіге тиесілі жылқы малының еттері алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге қатысты үй қамағы түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – деді Ескелді АПБ бастығы Қайрат Баймуханов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру