Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейлері арасында жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша турнир өтті

Жетісу полицейлері арасында жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарысқа облыстың барлық полиция бөлімшелерінің атынан 48 қызметкерден тұратын 12 команда қатысты.

Турнирге қатысушылар Калашников автоматынан 100 метр қашықтықтан, сондай-ақ Макаров тапаншасынан 25 метр қашықтықта оқ ату қабілетін көрсетті.

– Ең жақсы дайындықты полиция департаменті аппаратының қызметкерлерінен құралған команда көрсетті. Екінші жалпы командалық орынды Көксу ауданының полицейлері жеңіп алса, үшінші орынды Текелі қаласы полиция бөлімінің командасы иеленді. Жеке біріншілікте жеңімпаз атанғандар жақын арада Қызылорда қаласында өтетін Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің чемпионатында бақ сынайтын болады, – дейді Жетісу облысы ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Аят Мұратбеков.

Жеке біріншілікте Калашников автоматынан атуда ең үздік мергендер болып департамент қызметкері Ахат Укушев, Алакөл ауданының полицейі Еділ Айтмурзанов және Қаратал ауданының қызметкері Ұлан Көшербаев танылды.

Макаров тапаншасынан атуда ПД қызметкері Ерлан Шалғымбаев, Текелі қаласының қызметкері Олжас Мұхамадиев, Көксу ауданының қызметкері Дархан Бекенов ең үздік болды.

Әйелдер арасында бірінші орынды Көксу аудандық полициясының атынан қатысқан Әсем Әсилбекова, екінші орынды Сарқан ауданынан келген Мөлдір Алдаберген, үшінші орынды Кербұлақ ауданынан Гүлбаршын Тілеубаева жеңіп алды.

Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру