Жетісу полицейлері әскери қызметкерлер арасында есірткіге қарсы профилактикалық сабақ өткізді
Жетісу полицейлері әскери қызметкерлер арасында есірткіге қарсы профилактикалық сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіге қарсы сипаттағы түсіндіру жұмыстары мен тренингтерді барлық өңір аумағында жүргізеді. Бұл жолы ҚР-ның Ұлттық ұлан 5514 ә/б «Бүркіт» арнайы бөлімшесінің жеке құрамы арасында профилактикалық сабақ өткізілді.
– Нашақорлықпен күресудің ең тиімді тәсілдерінің бірі – оның алдын алу. «Синтетика» деп аталатын, яғни химиялық жолмен өндірілген есірткінің белсенді таралуы аясында жастар есірткіні тұтынушылар, сондай-ақ есірткі таратушылар қатарында да, оңай бола алады. Мәселенің барлығы осыда, жастар әрқашан қауіпті нақты бағалай алмайды. Өйткені, синтетикаға тұрақты тәуелділік оны алғаш қолданғаннан бастап пайда болады, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында.
Әскери қызметкерлермен нашақорлықтың алдын алу тақырыбында өткізілген кездесулер «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарды» іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Өңірдің әскери бөлімдеріне барған кезде жас әскери қызметшілердің алдында облыстық Психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері де сөз сөйлеп, есірткіні қолданудың салдары туралы түсіндіріп, баяндайды. Тәртіп сақшылары өз кезегінде оларды таратқаны үшін заңнамалық жауапкершілік туралы хабарлайды.