Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қымыз іштім”: Шымкентте мас жүргізуші бағдаршамды құлатып, көлікті соққан

Шымкентте жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші бағдаршамды құлатып, көлікті соққан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ЖКО тапа-тал түсте Рысқұлов пен Қазиев көшелерінің қиылысында болды. Alphard басқарған мас ер адам бағдаршамды соғып, кейін артымен жүріп, жол үстінде келе жатқан Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

Апат ЖБО камераларына түсіп қалған. Бейнебақылау инспекторлары оқиға орнына патрульдік автоэкипажды жолдады. Өзін біртүрлі ұстаған жүргізушіні тәртіп сақшылары алкоголь тұтануын тексеру үшін медициналық куәландырудан өтуін сұрады. Жауабында құқық бұзушы өз әрекетін “мен тек қымыз іштім” деген сөздермен ақтауға тырысты. Оның орташа масаң күйде болғаны анықталды.

Қала тұрғыны мұндай жағдайда рөлге бірінші рет отырмағаны белгілі болды. Ол 1,5 жыл бұрын ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша жүргізуші куәлігінен айырылған.

Қазір азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Ол өзгенің көлігі мен жол құрылысжайын бүлдіруге алып келген көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұрып, масаң күйде тізгіндегені үшін бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру