Жетісу полицейлері ауыл жастарымен есірткіге қарсы профилактикалық кездесу өткізді
Жетісу полицейлері ауыл жастарымен есірткіге қарсы профилактикалық кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу полицейлері ауыл оқушыларымен есірткіге қарсы ашық диалог жүргізді. Әдетте осы ауыл жастары түрлі азғыруларға және жеңіл ақша табуға деген ұмтылысқа бой алдырады.
– Жастық максимализм шекараны білмейді және оның көріністерінің бірі – тәуелсіздік. Қаржылық тәуелсіздікке ұмтылу барысында жастар тіпті тәуекелді ұсыныстарға да келіседі, тек табыс нысаны дұрыс таңдала бермейді, бұл қайғылы салдарға әкеледі, – деп атап өтті ПД ЕҚҚІҚБ жедел уәкілі Әйгерім Қожахметова.
Профилактикалық әңгімелесу барысында оқушыларға есірткінің жас ағзаға зиянды әсері туралы айтылды. Сонымен қатар олар қылмыстық әрекеттер үшін жауапкершілік туралы да хабарланды.
– Ең бастысы есірткіні жасырып кетушіге айналып кетпеуден тек бір нәрсе ғана қорғай алады. Ол – өзінің болаттай құндылықтары. Жасөспірімнің өзін болашақ заңға бағынатын азамат ретінде сезінуі, өз өмірі мен денсаулығының құндылығын түсіну – біздің ортақ міндетіміз, – деп толықтырды Ә. Қожахметова.
Мұндай кездесулер, дәрістер мен әңгімелер тиімді, себебі олар кәмелетке толмағандарды өздерінің мінез-құлқы туралы ойлануға және заңсыз әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілікті есте сақтауға көмектеседі.