Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖД қызметкерлері студенттермен дөңгелек үстел өткізді

Ақтөбеде ғылым айы аясында заң “Құқықтану” кафедрасының доценті Бақыткүл Исмаилова және “Құқықтану” кафедрасының аға оқытушысы Төремұрат Бисембиев Құқықтану білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары үшін “Шартты түрде мерзімінен бұрын босату: тәртіп пен шарттар” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға ҚАЖД Ақтөбе қаласы Алматы ауданы пробация қызметінің бастығы Динара Мұратқызы, сондай-ақ Ақтөбе қаласы Астана ауданы пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы Альбина Аймағамбетқызы шақырылды.

Дөңгелек үстел барысында пробация қызметінің қызметкерлері өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Материалдарды қарау тәртібі қандай құқықтық актілермен регламенттелгенін айтып, жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы статистикалық деректер келтірді. Сондай-ақ пробацияны есептен шығару үшін сақталуы тиіс сотталғандарға қойылатын талаптар талқыланды.

Студенттер толғандырған сұрақтарын қойып, пікірталасқа белсене қатысып, үлкен қызығушылық танытты. Дөңгелек үстел соңында пробация қызметінің қызметкерлері бағалы білімі және осы іс-шараға қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру