Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейлері депутаттардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді

Жетісу полицейлері депутаттардың қатысуымен балалардың қауіпсіздігі тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу ПД  басшылығының бастамасымен облыстық департамент қабырғасында құқық қорғау органдарының, мәслихат депутаттарының, облыстық білім басқармасы мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Күн тәртібінде білім беру мекемелерінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолда балалардың жарақаттануына жол бермеу, ортақ мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.

– Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полицияның бүгінгі таңдағы басты міндеттерінің бірі. Мәселелердің барлығын егжей-тегжейлі зерделеп, осы бағыттағы олқылықтарды жою үшін талдау жасау қажет, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД бастығы Сарқытбай Құсаинов.

Кездесу барысында оқу орындарын тексеру нәтижелері, қай мекемелерде осал жерлер бар және қауіпсіздікті қай жерде күшейту қажет екені көрсетілді.

– Барлығымыз білетіндей, қазір оқу орындарында орнатылған бейнебақылау камералары жедел басқару орталығына шығарылған. Ол жерден полиция қызметкерлері білім беру мекемелеріндегі жағдайды бақылай алады. Тексеру кезінде турникеттерді орнату, дабыл түймелері мен бейнебақылау камераларының жұмыс істеуі бөлігінде бірқатар кемшіліктер анықталды. Оларды жою бойынша қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр, – дейді Жетісу облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Аида Белгібаева.

Облыстық мәслихаттың депутаты Қуат Баймұрзаевтың айтуынша, оқу орындарының дайындығын тексеру әрдайым тамыз айында оқу жылы басталар алдында жүзеге асырылады. Алайда жылдың соңында бейнебақылау камералары мен басқа да техникаларға қызмет көрсететін ұйымдармен көптеген келісімшарттардың мерзімі аяқталады. Жаңа келісім жасалып жатқанда біраз уақыт өтеді, бірақ олардың қызметі сол сәтте тексерілмейді, сондықтан оқу орындарына жиі тексеру және мониторинг жүргізу қажет.

Сонымен қатар жол қауіпсіздігі және балалардың жарақаттануына жол бермеу мәселесі қарастырылды.

– Балалар біздің болашағымыз, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  басты міндетіміз, сондықтан біз бұл мәселеге мұқият қарауымыз керек. Өз тарапымыздан біз барлық қажетті шараларды қабылдаймыз және туындаған мәселелерді шешу үшін көмек көрсетеміз, – деді өз кезегінде облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева.

Кеңестің қорытындысын өткізе отырып, өңір полициясының басшысы күзет құрылымдарының қызметін жақсарту, жалпы білім беру мекемелерін техникалық жарақтандыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізді. Сондай-ақ қатысушылардың барлығына ризашылығын білдіріп, бірлескен күш-жігермен ғана балалардың қауіпсіздігінің тиісті деңгейде қамтамасыз етуге болатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру