Жетісу полицейлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша алқа мәжілісіне қатысты
Жетісу полицейлері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық алқа мәжілісіне қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесуге білім беру органдары, прокуратура қызметкерлері, оқу орындарының директорлары, ата-аналар комитеттерінің төрағалары, наркологтар мен балалар мектеп психологтары шақырылды.
Полицейлер мен прокуратура қызметкерлері шараға қатысушыларды кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қатысты құқық бұзушылықтарға назар аудара отырып, өңірдегі жедел жағдаймен таныстырып өтті. Құқық қорғау органдары жасөспірімдер қылмысының деңгейін төмендетуге және кәмелетке толмағандарды қорғау шараларын күшейтуге ықпал ететін бірқатар ұсыныстар ұсынды.
– Көтерілген мәселелер жастардың синтетикалық есірткіні таратуы мен қолдануы туралы ескертулерге де қатысты болды. Кеңес барысында отбасылық-тұрмыстық салада туындайтын проблемалар, жасөспірімдерді деструктивті сипаттағы діни ағымдарға тарту мәселелері де қаралды. Ата-аналар комитетінің өкілдері мен мектеп мұғалімдеріне баланың санасында құқық бұзушылыққа төзбеушілігін ояту қаншалықты маңызды екенін жеткізуге тырыстық. Рухани құндылықтар, Отанға деген сүйіспеншілік, үлкендерге құрмет көрсету, яғни түптеп келгенде жалпы тұлғаны қалыптастыратын құндылықтарды балада тәрбиелеу маңыздылығы айтылды, – деп атап өтті облыс ПД ЖПҚ бастығы Қайсар Мұхметов.