Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейлері мектеп оқушыларына есірткінің зияны туралы айтып берді

Жетісу полицейлері мектеп оқушыларына есірткінің зияны туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңірлік психикалық денсаулық орталығының өкілдерімен бірлесіп, Талдықорғандағы №17 орта мектеп оқушылары үшін есірткінің зияны туралы алдын алу іс-шарасын ұйымдастырды.

– «Бір рет қолданып көрсек, жаман болмайды», «Жеңіл есірткі аса қауіпті емес» – біз үшін осы мифтерді жоққа шығарып, есірткінің зияны туралы әрбір жасөспірімге үздіксіз жеткізуіміз керек. Есірткі жеңіл немесе ауыр болып бөлінбейді. Барлық есірткінің әсері бірдей: олардың кез келгенін қабылдаған кезде адамның психикалық жағдайы бұзылады, ал есеңгіреу күйіне жету үшін келесі доза әрқашан алдыңғыдан жоғары болуы керек. Есірткілерді қолданғанда алдымен психикалық, содан кейін физикалық тәуелділік дамиды. Естеріңізде болсын: заң алдында барлық есірткі тең, – деп атап өтті оқушылар алдында сөйлеген сөзінде ПД ЕҚҚІҚБ жедел уәкілі Меруерт Ысқақова.

Іс-шараға 120-ға жуық мектеп оқушысы қатысты. Тәртіп сақшылары балаларға есірткіні қолданудың зияны туралы тәуелділікке қарсы бейнероликтер көрсетті. Полиция қызметкерлері балаларды спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сондай-ақ оқушыларға құқықтық жағын, яғни есірткіні тарату мен сатуға қандай жауапкершілік жүктелетінін түсіндірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру