Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада республикалық турнирде жүлделі орын алған полицейлер марапатталды

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы республикалық турнирде жүлделі орын алған қызметкерлерді құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов қоян-қолтық ұрыстан жүлдемен оралған қызметкерлерді қабылдап, жеңістерімен құттықтады. Өскемен қаласында қоян-қолтық ұрыстан ересектер арасында Қазақстан Республикасының турнирі өткен болатын. Аталмыш турнирге Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері қатысып, жүлделі оралды.

62 келі салмақ дәрежесінде бағын сынаған ЖҚАЖ инспекторы Смағұл Ербол 3-орынды иеленсе, 64 келі салмақ дәрежесінде 2-орынды ЖҚАЖ инспекторы Айжан Болат, 58 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен ЖҚАЖ инспекторы Ғайни Нұрмахан 2-орынды қанжығасына байлады.

Сонымен қатар Астана қаласында ересектер арасында белбеу күрес спорт түрінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағы саптық бөлінісінің инспекторы Оразбай Арайлым 76 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру