Жетісу полицейлері ветеринарлық қызметтермен кездесу ұйымдастырды
Жетісу полицейлері ветеринарлық қызметтермен кездесу ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өңірде халықты алаңдататын өзекті мәселенің бірі – мал ұрлығы. Қазір мал ұрлығының алдын алу оң нәтиже беруде, алайда әлі де ауыл тұрғындарын, соның ішінде құқық қорғау органдарының өздерін қанағаттандыра алатын нәтиже берген жоқ. Мал ұрлығын ашу және алдын алу мәселелерінде полицияның пікірінше, құқық қорғау органдарының басқа бөлімшелермен өзара әрекеттесуі тиімді болар еді. Осыған орай, 23 ақпан күні облыстық департаменттің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясымен бірлесіп жұмыс кеңесін өткізуге бастамашы болды.
– Біздің талдауымызға сәйкес, мал ұрлаушылардың әрекеттері әрқашан әртүрлі, бұл оларды анықтау және ұстау бойынша полицияның жұмысын едәуір қиындатуда. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, ұрланған мал немесе ет өнімдері облыстың түрлі базарларында сатылып, оны тиісті рұқсат құжаттарсыз облыс жолдарының бойымен тасымалдау жүзеге асырылып жатыр. Осы жерде ветеринариялық қызметтердің жәрдемдесуі барынша өзекті және орынды, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД КПБ бастығы Қайрат Журунов.
Полиция қызметкерлері ветеринарлық инспекциямен бірлесе отырып жүргізілетін іс-шараларға бірқатар ұсыныстар енгізді, соның ішінде автожолдарда, мал және ет базарларында жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде патрульдік экипаждар құрамында инспекция өкілдерін қатыстыру.
Кездесу барысында құқық бұзушылықтарды тіркеу және олар бойынша қабылданатын шараларға байланысты басқа да проблемалық мәселелер талқыланды. Ведомстволар өңірдегі криминогендік жағдайды жақсартуға ықпал ететін бірлескен іс-әрекет жүргізу туралы келісімге келді.